786452
104
Zoom out
Zoom in
Vorherige Seite
1/167
Nächste Seite
104 | Қазақ
ескеру қажет. Бұл жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Монтаждау
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Электр құралын тиісті төрт саңылауға (7) верстак /
жұмыс тақтасындағы жарамды бұрандалармен
бекітіңіз.
Ұшқыннан қорғанысты/дайындама тіреуішін
монтаждау (A−D суреттерін қараңыз)
Ұшқыннан қорғаныс ұстағышын (10) екі бұрандамен
монтаждаңыз.
Ұшқыннан қорғанысты (11) ұшқыннан қорғаныс
ұстағышына (10) бұрап бекітіңіз.
Дайындама тіреуішін (12) суретте көрсетілгендей
монтаждаңыз.
uДайындама тіреуіші (12) немесе ұшқыннан
қорғаныстың (11) ұстағышы және ажарлағыш диск
арасындағы қашықтықты жүйелі түрде тексеріп
тұрыңыз және қажет болғанда реттеңіз.
Ажарлағыш дискіге дейінгі арақашықтық 2мм
шамасынан артық болмауы керек. Арақашықтық
үлкен болса, ұшпа ұшқыннан жеткілікті қорғаныс
болмайды. Дайындама ажарлағыш дискінің айналу
әрекеті арқылы тартылып, жарақат алуға әкелуі
мүмкін.
uЭлектр құралын тек ұшқыннан қорғаныспен (11)
бірге пайдаланыңыз және оны барынша төмен
қайырыңыз. Пайда болатын ұшқын көзді зақымдауы
немесе айналаны өртеуі мүмкін.
uЭлектр құралын тек дайындама тіреуішімен
пайдаланыңыз. Оң мен сол жақ дайындама
тіреуіштерін (12) ауыстырмаңыз. Әйтпесе
дайындама тіреуіші (12) мен ажарлағыш дискінің
арасындағы қашықтық тым үлкен болады.
Арақашықтық үлкен болса, ұшпа ұшқыннан жеткілікті
қорғаныс болмайды. Дайындама ажарлағыш дискінің
айналу әрекеті арқылы тартылып, жарақат алуға әкелуі
мүмкін.
Ажарлағыш дискіні алмастыру
uЖұмыс құралы айналымдарының ұйғарынды саны
электр·құралында·көрсетілген максималды
айналымдар санына ·тең·болуы·керек. Есептелген
жылдамдығынан тезірек істеп тұрған керек-жарақтар
сынуы, ұшып кетуі мүмкін.
uДиаметрі электр құралында жазылған
мәліметтерден артық болған ажарлағыш
дискілерді пайдалануға рұқсат етілмейді.
uЭлектр құралын тек екі шпиндельге орнатылған
алмалы-салмалы аспаптармен бірге
пайдаланыңыз. Осылайша айналып тұрған
шпиндельмен жанасуға жол берілмейді.
Ұшқыннан қорғаныс ұстағышынан (10) ажарлағыш
дискіге дейінгі ең көбі 2мм шамасындағы қажетті
арақашықтық бұдан былай реттелмесе, ажарлағыш
дискіні алмастырыңыз.
Қаптамадағы (1) үш бұранданы босатып, қаптаманы
шешіңіз. Ажарлау шпинделін (5) айыр тәрізді кілтпен
(9) ұстап тұрып, қысқыш гайканы (2) ажарлау
шпинделінен (5) бұрап шығарыңыз.
Нұсқау: электр құралының сол жағынан шығатын
ажарлау шпинделі (5) сол жақ ирек оймаға ие.
Қысқыш фланецті (3) және ажарлағыш дискіні
ажарлау шпинделінен (5) алып тастаңыз.
Жаңа ажарлағыш диск кері реттілік бойынша
монтаждалады. Қаптаманы (1) қатты басып қайта
орнатыңыз да, үш бұрандамен бұрап бекітіңіз.
Пайдаланылған және домалақ емес ажарлағыш
дискілерді одан ары пайдаланбас бұрын өткірлейтін
таспен (керек-жарақ) өткірлеңіз.
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
uЖұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Іске қосу
uЖелі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220В жұмыс
істеуге болады.
uПайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта
тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш
кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау
жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар,
домалақ емес және дірілдейтін ажарлау
құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау
құралдары жарылып, зақымдарға алып келуі мүмкін.
1 609 92A 7Y3 | (02.06.2022) Bosch Power Tools
104

Brauchen Sie Hilfe? Stellen Sie Ihre Frage.

Forenregeln

Missbrauch melden von Frage und/oder Antwort

Libble nimmt den Missbrauch seiner Dienste sehr ernst. Wir setzen uns dafür ein, derartige Missbrauchsfälle gemäß den Gesetzen Ihres Heimatlandes zu behandeln. Wenn Sie eine Meldung übermitteln, überprüfen wir Ihre Informationen und ergreifen entsprechende Maßnahmen. Wir melden uns nur dann wieder bei Ihnen, wenn wir weitere Einzelheiten wissen müssen oder weitere Informationen für Sie haben.

Art des Missbrauchs:

Zum Beispiel antisemitische Inhalte, rassistische Inhalte oder Material, das zu einer Gewalttat führen könnte.

Beispielsweise eine Kreditkartennummer, persönliche Identifikationsnummer oder unveröffentlichte Privatadresse. Beachten Sie, dass E-Mail-Adressen und der vollständige Name nicht als private Informationen angesehen werden.

Forenregeln

Um zu sinnvolle Fragen zu kommen halten Sie sich bitte an folgende Spielregeln:

Neu registrieren

Registrieren auf E - Mails für Bosch GBG 60-20 wenn:


Sie erhalten eine E-Mail, um sich für eine oder beide Optionen anzumelden.


Das Handbuch wird per E-Mail gesendet. Überprüfen Sie ihre E-Mail.

Wenn Sie innerhalb von 15 Minuten keine E-Mail mit dem Handbuch erhalten haben, kann es sein, dass Sie eine falsche E-Mail-Adresse eingegeben haben oder dass Ihr ISP eine maximale Größe eingestellt hat, um E-Mails zu erhalten, die kleiner als die Größe des Handbuchs sind.

Ihre Frage wurde zu diesem Forum hinzugefügt

Möchten Sie eine E-Mail erhalten, wenn neue Antworten und Fragen veröffentlicht werden? Geben Sie bitte Ihre Email-Adresse ein.



Info