786112
104
Zoom out
Zoom in
Vorherige Seite
1/160
Nächste Seite
104 | Қазақ
Қосу/өшіру
Тексеру камерасын қосу үшін қосу/өшіру түймесін(3)
басыңыз. Дисплейде(9) басты бет экраны қысқа уақытқа
көрсетіледі.
Нұсқау: егер құрылғыны қосқан кезде камера кабелі
монтаждалмаған болмаса, дисплейде қате туралы хабар
көрсетіледі.
Тексеру камерасын өшіру үшін қосу/өшіру түймесін(3)
қайтадан басыңыз.
Тексеру камерасында ешбір түйме басылмаса, ол
белгіленген уақыт(k) өткеннен кейін автоматты түрде
өшеді.
Камера бастиегіндегі шамды реттеу
Камера көрсетілімін жарықтандыру үшін шам
бастиегіндегі шамды(15) қосуға және жарықтықты
реттеуге болады.
Жарықтық 4 деңгей бойынша реттеледі (0%, 25%, 50%,
100%).
Камера шамын(15) қосып, жарықтықты күшейту үшін
жарықтандыру/жарықтық түймесін(7), қажетті
жарықтыққа қол жеткізгенше, басыңыз.
uШамға(15) тікелей қарамаңыз және шамды басқа
адамдарға бағыттамаңыз. Шамның жарығы көзді
шағылыстыруы мүмкін.
Жарықтықты азайту және камера шамын(15) өшіру үшін
жарықтандыру/жарықтық түймесін(7), қажетті
жарықтыққа қол жеткізгенше немесе шам өшкенше,
басыңыз.
Дисплейдегі кескінді үлкейту (масштабтау)
Үлкейту түймесін(2) қысқаша басу арқылы дисплейдегі
кескінді 1,5 есе немесе 2 есе үлкейтуге болады.
Дисплейдегі кескінді айналдыру (UpisUp™)
(Fсуретінқараңыз)
Up is Up™ түймесінің(5) көмегімен кескінді, "жоғарғы
жақ" дисплейде де жоғарғы жақта көрсетілетіндей,
айналдыруға болады.
Нұсқау: айна(25) монтаждалған және/немесе камера
кабелі(13) тігінен тураланған жағдайдағы шектеулі
функция
Суретке/бейнеге түсіру
Фото және видео режимдерінің арасында ауыстырып
қосу түймесі(8) арқылы фото және видео режимдерінің
арасында ауыстырып қосуға болады. Ағымдағы реттелген
түсіру режимі(a) күй панелінде(b) көрсетіледі.
Суретке немесе бейнеге түсіруге арналған іске қосқыш
түймесі(6) арқылы тиісті режимде суретке түсіруге
немесе бейнеге түсіруді бастауға және аяқтауға болады.
Галерея режимі/реттеулер режимі
(4)түймесі басылғанда, (8), (7), (5) және(4)
түймелеріне басқа функция (дисплейдің жоғарғы
жағындағы көрсетілімге сәйкес) тағайындалады (2-
деңгей). Бұл түймелерді дисплейдегі көрсетілімге сәйкес
пайдаланыңыз.
(4)түймесі қысқаша басылса, галерея режимі ашылады.
(4)түймесін басу арқылы кескінді толық өлшемінде
көруге және (6)түймесін басу арқылы бейнені ойнатуға
болады.
(4)түймесі ұзақ басылғанда, Реттеулер режимі
ашылады. Төмендегі реттеулерді орындауға болады:
Түрлі-түсті көрсетілім (қызыл түсті нүкте)/ақ-қара түсті
көрсетілім (жасыл түсті нүкте)(h)
Дисплей жарықтығы(i)
Күн/уақыт(j)
Автоматты түрде өшіру функциясы: тексеру
камерасының өшуі үшін қажетті әрекетсіздік
ұзақтығы(k)
Дисплейдің жану ұзақтығы(l)
Micro-SD картасының жадын үлестіру/пішімдеу(m)
Күй панелі
Күй панелі(b) түймені әр басқаннан кейін шамамен
2секундқа дисплейде пайда болады. Ол төмендегіні
білдіреді:
Реттелген түсіру режимі(a)
Күн және уақыт
Реттелген үлкейту(c)
Реттелген жарықтық(i)
Аккумулятор/батареялар зарядының деңгейі(e)
Суреттер мен бейнелерді тасымалдау
Суреттер мен бейнелерді тек Micro-SD картасы(20)
салынғанда ғана тасымалдауға болады.
Суреттер мен бейнелерді тасымалдау үшін тексеру
камерасын Micro-USB кабелі(19) арқылы компьютермен
байланыстыруға болады.
Нұсқау: USB интерфейсін Apple өнімдерімен (мысалы,
MacBook құрылғылары) бірге пайдалану мүмкін емес.
Бұл жағдайда дерек тасымалдау функциясы тек Micro-SD
картасы арқылы жүзеге асады.
Тексеру камерасы дисплейдегі белгі арқылы
компьютермен байланыстырылғанын көрсетеді.
Тексеру камерасы компьютерде сыртқы диск жетегі
ретінде көрсетіледі.
Тексеру камерасының аккумуляторын(12)жалғағышы
арқылы зарядтау мүмкін емес.
Micro-USB кабелін деректерді тасымалдау үшін
жалғау
Жоғарғы қаптаманы(10) ашып, Micro-USB кабелін(19)
дұрыс күйде (12)жалғағышына салыңыз.
Деректерді тасымалдағаннан кейін Micro-USB кабелін
шығарып, жоғарғы қаптаманы қайтадан жабыңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Тексерілетін қоршаған ортаны қарап шығып, әсіресе
кедергілерге немесе қауіпті жерлерге назар аударыңыз.
Камера кабелін(13), камера бастиегі тексерілетін ортаға
бағытталатындай, бүктеңіз. Камера кабелін абайлап
енгізіңіз.
1 609 92A 7LG | (21.04.2022) Bosch Power Tools
104

Brauchen Sie Hilfe? Stellen Sie Ihre Frage.

Forenregeln

Missbrauch melden von Frage und/oder Antwort

Libble nimmt den Missbrauch seiner Dienste sehr ernst. Wir setzen uns dafür ein, derartige Missbrauchsfälle gemäß den Gesetzen Ihres Heimatlandes zu behandeln. Wenn Sie eine Meldung übermitteln, überprüfen wir Ihre Informationen und ergreifen entsprechende Maßnahmen. Wir melden uns nur dann wieder bei Ihnen, wenn wir weitere Einzelheiten wissen müssen oder weitere Informationen für Sie haben.

Art des Missbrauchs:

Zum Beispiel antisemitische Inhalte, rassistische Inhalte oder Material, das zu einer Gewalttat führen könnte.

Beispielsweise eine Kreditkartennummer, persönliche Identifikationsnummer oder unveröffentlichte Privatadresse. Beachten Sie, dass E-Mail-Adressen und der vollständige Name nicht als private Informationen angesehen werden.

Forenregeln

Um zu sinnvolle Fragen zu kommen halten Sie sich bitte an folgende Spielregeln:

Neu registrieren

Registrieren auf E - Mails für Bosch GIC 120 C wenn:


Sie erhalten eine E-Mail, um sich für eine oder beide Optionen anzumelden.


Das Handbuch wird per E-Mail gesendet. Überprüfen Sie ihre E-Mail.

Wenn Sie innerhalb von 15 Minuten keine E-Mail mit dem Handbuch erhalten haben, kann es sein, dass Sie eine falsche E-Mail-Adresse eingegeben haben oder dass Ihr ISP eine maximale Größe eingestellt hat, um E-Mails zu erhalten, die kleiner als die Größe des Handbuchs sind.

Ihre Frage wurde zu diesem Forum hinzugefügt

Möchten Sie eine E-Mail erhalten, wenn neue Antworten und Fragen veröffentlicht werden? Geben Sie bitte Ihre Email-Adresse ein.



Info