544114
151
Zoom out
Zoom in
Vorherige Seite
1/238
Nächste Seite
Қaзақша | 151
Bosch Power Tools 1 619 P11 460 | (26.11.13)
Электр құралын тасымалдау кезінде қосушы
болмаңыз. Кездейсоқ тиюі арқылы айналып тұрған
алмалы-салмалы аспап киіміңізге оралып, денеңізді
ауыр жарақаттауы мүмкін.
Электр құралыңыздың желдеткіш тесігін жүйелі
түрде тазалаңыз. Қозғалтқыш турбинасы құрылғы
ішіне көп шаң тартады, металды шаң жиналып электр
қауіпін тудыруы мүмкін.
Электр құралын ешқашан жанғыш материалдар
жанында пайдаланбаңыз. Ұшқындар бұл
материалдарды жандыруы мүмкін.
Сұйық салқындатқыштарды қажет ететін
құ
ралдарды пайдаланбаңыз. Суды немесе басқа
салқындатқыш сұйықтықтарды пайдалану ток соғуына
әкелуі мүмкін.
Кері соққы және сәйкес қауіпсіздік техникасының
ережелері
Кері соққы сыналанып, тұрып қалған немесе айналып
жатқан орнатылған құралдың, мысалы, тегістеу
шеңберлерінің, тегістеу тәрелкелерінің, сымды
щеткалардың және т.б. кенет реакциясының нәтижесі
болып табылады. Тұрып қалу немесе сыналану
айналып жатқан құралдың кенет тоқтап қалуына
әкеледі. Бұл кезде бақыланбайтын құрал бұғатталу
орнында жұмыс құралының айналу бағытына қарсы
жылдамдайды.
Тегістеу шеңбері бұғатталса немесе дайындамада
тұрып қалса, онда дайындамаға кіргізілген тегістеу
шеңберінің жиегі қысылып қалуы және нәтижесінде
шеңбердің дайындамадан ыршуына немесе кері
соққыға әкелуі
мүмкін. Бұл кезде бұғатталу орнындағы
шеңбердің бағытына байланысты тегістеу шеңбері
операторға немесе одан ары қозғалады. Тегістеу
шеңбері сынуы мүмкін.
Кері соққы электр құралды дұрыс пайдаланбаудың
немесе оператор қатесінің салдары болып табылады.
Мұны төменде сипатталғандай тиісті сақтық шараларын
қолдану арқылы болдырмауға болады.
Электр құралды берік ұстаңыз, денеңіз кері
соққыларды ұстап қалатындай қалыпта болуы
керек. Пайдаланушы тиісті шаралар арқылы керу соғу
күштерін бақылауы керек.
Бұрыштарда, үшкір жиектерде және т.б. әсіресе
абайлап жұмыс істеңіз. Жұмыс құралының
дайындамадан ыршуын және сыналануын
болдырмаңыз. Айналып жатқан жұмыс элементі
бұрыштарда, үшкір жиектерде және ыршу кезінде
сыналануға бейім. Бұл бақылауды жоғалтуды және кері
соққыны тудырады.
Тістік ара полотносын пайдаланбаңыз. Мұндай
жұмыс құралдары жиі кері соққының немесе электр
құралды бақылауды жоғалтудың себебіне айналады.
Алмалы-салмалы аспапты материалға әрдайым
кесетін қыры материалдан шаққан бағытта
апарыңыз (жоңқа лақтырылатын бағытқа сай
болады). Электр құралын дұрыс емес бағытта
апарсаңыз, алмалы-салмалы аспап дайындамадан
шығып, электр құрал осы жылжыту бағытында
тартылады.
Кесу шеңберлерін пайдалануда дайындаманы
қатты қысыңыз. Ойық аз ойылған болса да алмалы-
салмалы аспап ілініп кері соғуға алып келуі мүмкін.
Кесу шеңбері ілініп әдетте сынуы мү
мкін. Айналатын
егеу, жоғары жылдамдықты фрезерлеу құралдары
немесе қатты метал фрезерлеу құралдары ілінсе
сайман жинағы ойықтан шығып кетіп, электр
құралының бақылауын жоғалтуына алып келуі мүмкін.
Тегістеу және кесу туралы арнайы нұсқаулар
Тек осы электр құралына арналған тегістеу
саймандары мен тек ұсынылған жұмыстар үшін
пайдаланыңыз. Мысал: Кесу шеңберінің жанымен
ешқашан тегістемеңіз. Кесу шеңберлері материалды
жиекпен алуға арналған. Бүйірлік күштер әсер етсе осы
абразивті құрал сынуы мүмкін.
Конус пен тік бұрандалы тегістеу біл
іктері үшін тек
дұрыс өлшем және ұзындықтық, дөңесінде ойығы
жоқ зақымдалмаған тиектерді пайдаланыңыз.
Сәйкес тиектер сыну қауіпін кішірейтеді.
Кесу шеңберінің бұғатталуын немесе артық басу
қысымын болдырмаңыз. Тым терең кесулерді
орындамаңыз. Кесу шеңберіне артық жүктеме түсіру
оның еңкеюіне және бұғатталуына әкеледі және
осылайша кері соққының немесе абразивті құралдың
сынуы мүмкіндігін арттырады.
Қолыңызбен айналатын шеңбердің алдындағы
және артында
ғы аймаққа жақындамаңыз. Кесу
шеңберін дайындамада қолыңыздан ары жүргізсеңіз,
онда кері соққы жағдайында айналып жатқан шеңбер
бар электр құрал сізге ыршуы мүмкін.
Кесу шеңбері ілінсе немесе бұғатталса электр
құралды өшіріңіз және шеңбер тоқтағанша
қозғалтпай ұстаңыз. Әлі айналып жатқан шеңберді
кесілген жерден шығаруға ешқашан тырыспаңыз,
бұл кері соққыға әкелуі мүмкін. Іліну не
месе
бұғаттану себебін анықтаңыз және жойыңыз.
Абразивті құрал әлі дайындамада кезде электр
құралды қайтадан қоспаңыз. Кесуді жалғастырмай
тұрып кесу шеңберіне толық айналымдарға жетуге
мүмкіндік беріңіз. Әйтпесе шеңбер тұрып қалуы,
дайындамадан ыршуы және кері соққыға әкелуі
мүмкін.
Кесу шеңбері сыналанған жағдайда кері соққы
мүмкіндігін азайту үшін тақталарды және үлкен
дайындамаларды тіреңіз.
Үлкен дайындамалар өз
салмағынан майысуы мүмкін. Дайындаманы кесіп
жатқан жердің екі жағында да, жиектерде де тіреу
керек.
Қабырғаларда және көрінбейтін аумақтарда кесуді
орындау кезінде әсіресе сақ болыңыз. Ендірілетін
кесу шеңбері кесу кезінде су құбырына, электр
сымдарына және басқа нысандарға тиюі, бұл кері
соққыға әкелуі мүмкін.
Сымды қылшақты (щетканы) пайдаланудағы арнайы
қауіпсіздік нұсқаулықтары
Сымды қылшақты
ң әдеттегі пайдалануда да сым
жоғалтуын есте сақтаңыз. Сымдарды қатты басып
OBJ_BUCH-2020-001.book Page 151 Tuesday, November 26, 2013 2:57 PM
151

Brauchen Sie Hilfe? Stellen Sie Ihre Frage.

Forenregeln

Missbrauch melden von Frage und/oder Antwort

Libble nimmt den Missbrauch seiner Dienste sehr ernst. Wir setzen uns dafür ein, derartige Missbrauchsfälle gemäß den Gesetzen Ihres Heimatlandes zu behandeln. Wenn Sie eine Meldung übermitteln, überprüfen wir Ihre Informationen und ergreifen entsprechende Maßnahmen. Wir melden uns nur dann wieder bei Ihnen, wenn wir weitere Einzelheiten wissen müssen oder weitere Informationen für Sie haben.

Art des Missbrauchs:

Zum Beispiel antisemitische Inhalte, rassistische Inhalte oder Material, das zu einer Gewalttat führen könnte.

Beispielsweise eine Kreditkartennummer, persönliche Identifikationsnummer oder unveröffentlichte Privatadresse. Beachten Sie, dass E-Mail-Adressen und der vollständige Name nicht als private Informationen angesehen werden.

Forenregeln

Um zu sinnvolle Fragen zu kommen halten Sie sich bitte an folgende Spielregeln:

Neu registrieren

Registrieren auf E - Mails für Bosch GRO 10.8 V-LI wenn:


Sie erhalten eine E-Mail, um sich für eine oder beide Optionen anzumelden.


Das Handbuch wird per E-Mail gesendet. Überprüfen Sie ihre E-Mail.

Wenn Sie innerhalb von 15 Minuten keine E-Mail mit dem Handbuch erhalten haben, kann es sein, dass Sie eine falsche E-Mail-Adresse eingegeben haben oder dass Ihr ISP eine maximale Größe eingestellt hat, um E-Mails zu erhalten, die kleiner als die Größe des Handbuchs sind.

Ihre Frage wurde zu diesem Forum hinzugefügt

Möchten Sie eine E-Mail erhalten, wenn neue Antworten und Fragen veröffentlicht werden? Geben Sie bitte Ihre Email-Adresse ein.



Info