786163
183
Zoom out
Zoom in
Vorherige Seite
1/297
Nächste Seite
Қазақ | 183
жарық диодының(23) қызыл түспен жануы арқылы
көрсетіледі.
Қайта іске қосу үшін ажыратқышты жіберіп, қайта
басыңыз.
uЕгер KickBack Control функциясы ақаулы болса,
электр құралы бұдан былай қосылмайды. Электр
құралыңызды тек қана білікті маманға және
түпнұсқа қосалқы бөлшектермен бірге жөндетіңіз.
Жылдам өшіру функциясын пайдаланушы
интерфейсінен(14)(24) түймесі арқылы ажыратуға
болады. Егер электр құралы 5 минуттан ұзақ
пайдаланылмаса немесе аккумулятор шығарылса,
жылдам өшіру функциясы автоматты түрде қайта
қосылады. Ағымдағы күй пайдаланушы
интерфейсіндегі(14) KickBack Control жарық диоды(23)
арқылы көрсетіледі.
Ескерту шамының барлық бағыттардан көріне
бермейтіндігін ескеріңіз. Күн жарығы қатты болғанда,
ескерту шамын байқау қиынға соғады.
Electronic Angle Detection (EAD)
Электрондық бұрыш анықтау тетігінің (EAD) көмегімен
электр құралы жұмыс барысында анықтайтын және
пайдаланушыға көрсететін еңіс бұрышын алдын ала
таңдауға болады. Осылайша, мысалы, көлбеу бетте тік
бұрышпен бұрғылауға немесе бұрауға болады.
Электрондық бұрыш анықтау тетігі (EAD) пайдаланушы
интерфейсі (14) арқылы басқарылады.
Пайдаланушы интерфейсінде (14) белгілі бір бұрышы
(45°, 60°, пайдаланушы анықтайды) таңдаңыз. Нұсқау:
зауыттық реттеулерде пайдаланушы анықтайтын бұрыш
90° құрайды. Оны Bosch қолданбасы арқылы бейімдеуге
болады.
Бұрышы реттеу үшін электрондық бұрыш анықтау тетігіне
(EAD) арналған түймені (20), қалаулы еңіс бұрышының
жарық диоды (21) жыпылықтай бастағанша, басыңыз.
Қалаулы еңіс бұрышы жарық диодының (21) жанында
электрондық бұрыш анықтау тетігіне (EAD) арналған
жарық диоды (9) да сары түспен жыпылықтай бастайды.
Электр құралын енді қалаулы беттің үстіне
орналастырып, мүмкіндігінше қозғалтпай ұстаңыз.
Нұсқау: егер электр құралы баптау процесінің
барысында қозғалып тұрса, баптау процесі 10секундтан
кейін автоматты түрде аяқталып, соңғы реттелген мән
қалпына келтіріледі.
Электр құралы орналастыру әрекетінен кейін баптау
процесін іске қосады. Баптау процесінің барысында
қалаулы бет бағдарламаланады. Баптау процесі,
электрондық бұрыш анықтау тетігіне (EAD) арналған
жарық диоды (9) 1секундтай жасыл түспен жанып, содан
кейін сөнгенде және еңіс бұрышына (EAD) арналған
жарық диоды (21) үздіксіз жанып тұрғанда, аяқталады.
Электр құралын үстіңгі беттен алып тастаңыз. Электр
құралын қалаулы еңіс бұрышында бағдарламаланған
үстіңгі бетпен туралаңыз. Еңіс бұрышы алдын ала
реттелген еңіс бұрышынан +/-10° диапазонында
болғанда, жарық диоды (22) сары түспен жанып тұрады.
Егер +/-3° шамасындағы еңіс бұрышы алдын ала
реттелген еңіс бұрышына жетсе, жарық диоды (9) жасыл
түспен жанып тұрады. Электрондық бұрыш анықтау
тетігінің (EAD) жұмысын аяқтау үшін электрондық бұрыш
анықтау тетігіне (EAD) арналған түймені (20), бұрышты
таңдауға арналған жарық диодтарының (21) ешқайсысы
ары қарай жанбағанша (45° 60° Пайдаланушы
анықтайтын Өшіру), басыңыз. Реттелген бұрыш және
анықтамалық жазықтық, аккумулятор алмастырылған
кезде немесе электр құралы қозғалыссыз режимнен
қайтадан жылжытылған кезде де өзгеріссіз қалады.
Пайдаланушы интерфейсі (D суретін қараңыз)
Пайдаланушы интерфейсі (14) электрондық бұрыш
анықтау тетігі (EAD) әрекетінің аясында еңіс бұрышын
реттеп тексеруге, жылдам өшіру (KickBack Control)
функциясын ажыратуға және электр құралының күйін
көрсетуге арналған.
Күй көрсеткіштері
Электр құралының
күй индикаторы (22) Мағынасы/себебі Шешімі
Жасыл OK күйі
Сары Шектік температураға жетті, аккумулятор
заряды таусылған дерлік немесе KickBack
Control өшірілген
Электр құралын бос жүріс күйінде жұмыс
істетіңіз және суытыңыз, аккумуляторды дереу
алмастырыңыз немесе зарядтаңыз немесе
KickBack түймесін басыңыз
қызыл түспен жанып
тұр Электр құралы қызып кетті немесе
аккумулятор заряды таусылған Электр құралын суытыңыз немесе
аккумуляторды алмастырыңыз/зарядтаңыз
қызыл түспен
жыпылықтайды Кері соққы кезіндегі өшіру жүйесі іске
қосылды Электр құралын өшіріп, қайта қосыңыз
Көк түспен
жыпылықтайды Электр құралы ақырғы мобильді құрылғымен
байланыста немесе реттеулер көшірілуде
Bosch Power Tools 1 609 92A 838 | (14.07.2022)
183

Brauchen Sie Hilfe? Stellen Sie Ihre Frage.

Forenregeln

Missbrauch melden von Frage und/oder Antwort

Libble nimmt den Missbrauch seiner Dienste sehr ernst. Wir setzen uns dafür ein, derartige Missbrauchsfälle gemäß den Gesetzen Ihres Heimatlandes zu behandeln. Wenn Sie eine Meldung übermitteln, überprüfen wir Ihre Informationen und ergreifen entsprechende Maßnahmen. Wir melden uns nur dann wieder bei Ihnen, wenn wir weitere Einzelheiten wissen müssen oder weitere Informationen für Sie haben.

Art des Missbrauchs:

Zum Beispiel antisemitische Inhalte, rassistische Inhalte oder Material, das zu einer Gewalttat führen könnte.

Beispielsweise eine Kreditkartennummer, persönliche Identifikationsnummer oder unveröffentlichte Privatadresse. Beachten Sie, dass E-Mail-Adressen und der vollständige Name nicht als private Informationen angesehen werden.

Forenregeln

Um zu sinnvolle Fragen zu kommen halten Sie sich bitte an folgende Spielregeln:

Neu registrieren

Registrieren auf E - Mails für Bosch GSB 18V-150 C wenn:


Sie erhalten eine E-Mail, um sich für eine oder beide Optionen anzumelden.


Das Handbuch wird per E-Mail gesendet. Überprüfen Sie ihre E-Mail.

Wenn Sie innerhalb von 15 Minuten keine E-Mail mit dem Handbuch erhalten haben, kann es sein, dass Sie eine falsche E-Mail-Adresse eingegeben haben oder dass Ihr ISP eine maximale Größe eingestellt hat, um E-Mails zu erhalten, die kleiner als die Größe des Handbuchs sind.

Ihre Frage wurde zu diesem Forum hinzugefügt

Möchten Sie eine E-Mail erhalten, wenn neue Antworten und Fragen veröffentlicht werden? Geben Sie bitte Ihre Email-Adresse ein.



Info