786484
86
Zoom out
Zoom in
Vorherige Seite
1/132
Nächste Seite
86 | Қазақ
Жылжымалы түпқойманы монтаждау
Жинақтағы барлық бөліктерді абайлап орауыштан
шығарып алыңыз.
Барлық орауыш материалдарын алып тастаңыз.
Монтаждау жұмысынAE2 суреттеріне сәйкес
өткізіңіз.
B суреті бойынша:
Бағдарлауды жақсарту үшін дөңгелектерде таңбалама
бар (оң жақ дөңгелек үшін "R", сол жақ дөңгелек үшін "L").
Нұсқау: гайкаларды тым қатты бұрап бекітпеңіз. Бұрап
бекітілген бөліктер еркін айналуы керек.
D суреті бойынша:
Дөңгелектерге сәйкес келетін "R" және "L" таңбаламалары
арқылы көрсетілетін тіреуіш жақтаудың(18) дұрыс
монтаждау бағытын сақтаңыз.
Нұсқау: гайкаларды тым қатты бұрап бекітпеңіз. Бұрап
бекітілген бөліктер еркін айналуы керек.
E1 суреті бойынша:
Осы монтаждау қадамында жұмыс үстелі(2) тіреуіш
жақтаудың(18) таянышымен және жоғарғы
жақтаудың(13) таянышымен бұрап бекітіледі.
Екі таянышты, бүйірлік ойықтар тұтқа бағытымен
таяныштарға қарап тұратындай бұраңыз.
Жұмыс үстелін бұрап бекіткен кезде тіректің(8)
әрдайым астыңғы жақтаудың(17) ұстағышында
орналасқанына көз жеткізіңіз.
Нұсқау: гайкаларды басында кішкене ғана тартыңыз.
Барлық алты бұранда тиісінше орналастырылғаннан
кейін ғана, барлық гайкаларды мықтап тартыңыз.
E2 суреті бойынша:
Нұсқау: гайкаларды тым қатты бұрап бекітпеңіз. Бұрап
бекітілген бөліктер еркін айналуы керек.
Жұмыс үстелін дайындау
Жұмыс үстелін орнату (F суретін қараңыз)
Бекіткіш жинақтарын және электр құралын бекітуден
бұрын түпқойманы ажырату керек.
Тоқтатқыш болттардың(20) жүктемесін түсіру үшін
жұмыс үстелін тұтқасынан(6) ұстап сәл жоғары
тартыңыз.
Құлыпты ашыңыз.
Осылайша дөңгелектерді бұғаттайтын тоқтатқыш
болттар кері тартылады.
Бір аяқты аяқ тірегіне(14) қойып, тұтқаны(6),
бұғаттау тақтасының(21) басқа жағындағы тоқтатқыш
болттар қайтадан тірелгенше, екі қолмен төмен қарай
итеріңіз.
(3) құлпын да,(9) құлпын да жабыңыз.
Биіктігі реттелетін аяқтар(7) жұмыс үстелін туралауға
көмектеседі.
Алты қырлы гайкаларды(22) босатып, аяқтарды,
жұмыс үстелі тегіс тураланғанша, ішке немесе сыртқа
бұраңыз.
Бекіткіш жинақтарын дайындау
(G1−G4суреттерінқараңыз)
Бекіткіш жинақтарын(1) құлыптан босату үшін
түймені(23) басып, иінтіректі(24) ашыңыз.
Бекіткіш жинағын жұмыс үстеліне(2) қойып, оны
қызыл түсті тірекке(25) дейін жылжытыңыз.
Иінтіректі(24) қайтадан жауып қойыңыз. Осылайша
бекіткіш жинағы жұмыс үстеліне берік
орналастырылады.
Электр құралындағы монтаждық саңылаулардың
арасындағы x қашықтығын өлшеңіз.
Екінші бекіткіш жинағын құлыптан босатып, оны алдын
ала бекітілген бекіткіш жинағына жарамды x
қашықтығында орналастырыңыз.
Иінтіректі(24) қайтадан жауып қойыңыз.
Электр құралын бекіткіш жинақтарына бекіту (H
суретін қараңыз)
Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
Тасымалдау бойынша нұсқауларды тиісті электр
құралының пайдалану бойынша нұсқаулығынан
қараңыз.
Жылжымалы гайкаларды(26) электр құралының
монтаждық саңылауларына жарамды бекіткіш
жинақтарына орналастырыңыз.
Бекіткіш жинағы мен электр құралын тиісті салмалы
шайбалармен және бұрандалармен бұрап бекітіңіз.
Пайдалану
Пайдалану нұсқаулары
Жұмыс істеу алдында әрдайым(9) және(3) деген екі
құлыптың жабық болғанына көз жеткізіңіз.
Дайындаманы, оның ұзын, ауыр бөлігін әрдайым қатты
ұстаңыз. Дайындаманы ажыратқан соң салмақ орталығы
өзгеріп, жұмыс үстелі аударылуы мүмкін.
Жүмыс үстелін артық жүктемеңіз. Жұмыс үстелінің
максималды жүк көтерімділігін ескеріңіз.
Дайындама таянышын дайындау
Ұзын дайындамаларды еркін ұшынан орналастырып
тіреу керек.
Дайындама таянышының биіктігін реттеу
(Iсуретінқараңыз)
Дайындаманы электр құралының аралау үстеліне
қойыңыз.
Бекіткіш тетікті(10) босатып, дайындама
таянышының(12)биіктігін, дайындама тігінен
жататындай реттеп шығыңыз.
Осы бекіткіш тетікті қайтадан тартыңыз.
Жұмыс үстелін ұзарту (Jсуретінқараңыз)
Жұмыс үстелін екі жақтан да ұзартуға болады.
Ұзын дайындаманы электр құралының аралау үстеліне
қойыңыз.
1 609 92A 6JB | (11.05.2021) Bosch Power Tools
86

Brauchen Sie Hilfe? Stellen Sie Ihre Frage.

Forenregeln

Missbrauch melden von Frage und/oder Antwort

Libble nimmt den Missbrauch seiner Dienste sehr ernst. Wir setzen uns dafür ein, derartige Missbrauchsfälle gemäß den Gesetzen Ihres Heimatlandes zu behandeln. Wenn Sie eine Meldung übermitteln, überprüfen wir Ihre Informationen und ergreifen entsprechende Maßnahmen. Wir melden uns nur dann wieder bei Ihnen, wenn wir weitere Einzelheiten wissen müssen oder weitere Informationen für Sie haben.

Art des Missbrauchs:

Zum Beispiel antisemitische Inhalte, rassistische Inhalte oder Material, das zu einer Gewalttat führen könnte.

Beispielsweise eine Kreditkartennummer, persönliche Identifikationsnummer oder unveröffentlichte Privatadresse. Beachten Sie, dass E-Mail-Adressen und der vollständige Name nicht als private Informationen angesehen werden.

Forenregeln

Um zu sinnvolle Fragen zu kommen halten Sie sich bitte an folgende Spielregeln:

Neu registrieren

Registrieren auf E - Mails für Bosch GTA 2500 W wenn:


Sie erhalten eine E-Mail, um sich für eine oder beide Optionen anzumelden.


Das Handbuch wird per E-Mail gesendet. Überprüfen Sie ihre E-Mail.

Wenn Sie innerhalb von 15 Minuten keine E-Mail mit dem Handbuch erhalten haben, kann es sein, dass Sie eine falsche E-Mail-Adresse eingegeben haben oder dass Ihr ISP eine maximale Größe eingestellt hat, um E-Mails zu erhalten, die kleiner als die Größe des Handbuchs sind.

Ihre Frage wurde zu diesem Forum hinzugefügt

Möchten Sie eine E-Mail erhalten, wenn neue Antworten und Fragen veröffentlicht werden? Geben Sie bitte Ihre Email-Adresse ein.



Info