743372
22
Zoom out
Zoom in
Vorherige Seite
1/36
Nächste Seite
[kk] Едендік жылытуға арналған температураны қорғаныс шектегіш құралы (STB) (D8738104940)
IO Tronic Heat - D8738104940 – 6720868820 (2020/10)
22
[kk] Едендік жылытуға арналған температураны
қорғаныс шектегіш құралы (STB) (D8738104940)
Монтаждау және пайдалану бойынша нұсқаулық
1 Қауіпсіздікке қатысты жалпы нұсқаулар
H Қауіпсіздікке қатысты жалпы нұсқаулар
Бұл монтаждау нұсқаулығы газ және су құбыры
құрылғылары, жылыту құралдары мен электр
жабдықтары бойынша мамандарға арналған.
Нұсқаулықтағы барлық директивалар сақталуы
тиіс. Нұсқауларды сақтамаған жағдайда
материалдық шығындар мен адамдардың өлім
қатеріне дейін әкелетін шығын болуы мүмкін.
Барлық қосымша жабдықтарды орнату және
пайдалануға тек қана құзыретті тұлғаға және
тіркелген мамандандырылған кәсіпорынға рұқсат
етіледі.
Жабдықты орнатпас бұрын орнатуға е қатысты
нұсқауларды мұқият оқыңыз.
Қауіпсіздік техникасы мен ескертулерді
қадағалаңыз.
Ұлттық және аймақтық жарлықтарды,
техникалық ережелер мен директиваларды
сақтаңыз.
Орындалған жұмыстардың құжаттарын жасап
отырыңыз.
Қапталған жабдықтың және жеткізу көлемінің
толықтығын тексеріңіз. Тек қана мінсіз
қалыптағы бөлшектерін құрастырып орнатыңыз.
Тұтынушыға жылыту құрылғысының әрекет ету
принципі туралы ақпарат беріңіз және оларға
өзгерістер енгізуге тыйым салынатындығын
ескерту қажет.
H Электр тогының соғу қаупі бар!
Электрлік жалғауды және электрмонтаждау
жұмыстарын тек қана білікті, дайындықтан өткен
персоналға орындауға рұқсат етіледі.
Жалғанымдар сызбасын қадағалаңыз.
Кез-келген жұмыстарды орындамас бұрын
қазанды қоректендіруші кернеуден ажыратыңыз
(мысалы, қорғаныш автоматы/сақтандырғыш
арқылы).
Дұрыс орнатпау салдарынан қондырғы бүлінуі
мүмкін және оған өндіруші жауапкершілік
жүктемейді.
2 Мақсаты бойынша пайдалану
Термостат жылыту қазанындағы су шекті температураға жеткен
кезде жылыту қазанын өшіру үшін қолданылады және еден жылыту
контурындағы төмен температураларға арналған.
Бұл термостатты жылыту қазандарында суды қыздыру үшін
қолдануға болмайды!
рнату
Жылыту қазанын оның алдындағы қорғаныш ажыратқышы
арқылы қоректендіру көзінен ажыратыңыз және қаптамасын
шешіңіз (төменгі жағындағы екі бұранда және жоғарғы
жағындағы бір бұранда мен кілтекті).
Бекіту кілтектерін гильзадан алыңыз, термостаттың капиллярлық
датчигін ағытып алыңыз, капиллярларды босатыңыз, алдыңғы
ҚТШҚ бұрап ашыңыз және алыңыз. (-сур. 22, [3, 4])
Термостаттың сымдарын штепсельмен басқа термостатқа
ауыстырыңыз (-сур. 21)
Жаңа термостатты (40... 60 °C) бұрап бекітіңіз және оның
капиллярлық датчигін датчиктің гильзасына орнатыңыз.
Капиллярлар мен кабельдерді бекітіңіз және қазан
температурасы датчигін бекіту кілтегімен бекітіңіз.
Жаңа ҚТШҚ белгіленген мәнді баптаңыз. Едендік жылыту үшін
бұл ең жоғары 50 °C мәнді құрайды.
Жылыту қазанын қосқаннан кейін белгіленген өшіру
температурасын тексеріңіз. Алдыңғы оқшаулаудан кейін ҚТШҚ
қайтадан қосу жылыту қазанындағы температураны алдыңғы
мәнінен 20 °C аса төмендетеді.
Өшірулі жылыту қазанына қаптамасын кигізіңіз.
Қызмет мәзіріндегі (SE03 параметрлер) ең жоғарғы қазан
температурасын 40 °C баптаңыз.
Электрондық құрылғыда ыстық суды пайдалану температурасын
35 °C орнатыңыз.
Соңында электрондық жабдықтың өшірілуін "жылыту қазаны
термостаты" көмегімен тексеріңіз.
Жылыту жүйесіне қажетті реттеуді таңдаңыз
(PA02 параметрлер).
22

Brauchen Sie Hilfe? Stellen Sie Ihre Frage.

Forenregeln

Missbrauch melden von Frage und/oder Antwort

Libble nimmt den Missbrauch seiner Dienste sehr ernst. Wir setzen uns dafür ein, derartige Missbrauchsfälle gemäß den Gesetzen Ihres Heimatlandes zu behandeln. Wenn Sie eine Meldung übermitteln, überprüfen wir Ihre Informationen und ergreifen entsprechende Maßnahmen. Wir melden uns nur dann wieder bei Ihnen, wenn wir weitere Einzelheiten wissen müssen oder weitere Informationen für Sie haben.

Art des Missbrauchs:

Zum Beispiel antisemitische Inhalte, rassistische Inhalte oder Material, das zu einer Gewalttat führen könnte.

Beispielsweise eine Kreditkartennummer, persönliche Identifikationsnummer oder unveröffentlichte Privatadresse. Beachten Sie, dass E-Mail-Adressen und der vollständige Name nicht als private Informationen angesehen werden.

Forenregeln

Um zu sinnvolle Fragen zu kommen halten Sie sich bitte an folgende Spielregeln:

Neu registrieren

Registrieren auf E - Mails für Bosch IO Tronic Heat - D8738104940 wenn:


Sie erhalten eine E-Mail, um sich für eine oder beide Optionen anzumelden.


Das Handbuch wird per E-Mail gesendet. Überprüfen Sie ihre E-Mail.

Wenn Sie innerhalb von 15 Minuten keine E-Mail mit dem Handbuch erhalten haben, kann es sein, dass Sie eine falsche E-Mail-Adresse eingegeben haben oder dass Ihr ISP eine maximale Größe eingestellt hat, um E-Mails zu erhalten, die kleiner als die Größe des Handbuchs sind.

Ihre Frage wurde zu diesem Forum hinzugefügt

Möchten Sie eine E-Mail erhalten, wenn neue Antworten und Fragen veröffentlicht werden? Geben Sie bitte Ihre Email-Adresse ein.



Info