544008
43
Zoom out
Zoom in
Vorherige Seite
1/99
Nächste Seite
Қaзақша | 43
Bosch Power Tools 2 609 007 326 | (29.5.13)
Айналатын бөлшекте тұрған аспап немесе кілт
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Қалыпсыз дене күйінде тұрмаңыз. Тірек күйде
тұрып, әрқашан өзіңізді сенімді ұстаңыз. Осылай сіз
күтпеген жағдайда электр құралды жақсырақ
бақылайсыз.
Жұмысқа жарамды киім киіңіз. Кең немесе сәнді
киім кимеңіз. Шашыңызды, киім және қолғапты
қозғалмалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Кең киім,
әшекей немесе ұзын шаш қозғалмалы бөлшектерге
тиюі мүмкін.
Шаңсорғыш және шаңтұтқыш жабдықтарды
құрғанда, олардың қосылғандығына және дұрыс
пайдалынуына көз жеткізіңіз. Шаңсорғышты
пайдалану шаң себебінен болатын қауіптерді азайтады.
Электр құралдарын пайдалану және күту
Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін
жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды
электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі
сенімді жұмыс істейсіз.
Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын
пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын
электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
болады.
Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
немесе құралды алып қоюдан алдын айырды
розеткадан шығарыңыз және/немесе
аккумуляторды алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті
электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.
Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп
қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе
зақымдалмаған болуына, электр құралының
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған
бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын
жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі
жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.
Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз.
Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.
Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.
Қызмет
Электр құралыңызды тек білікті маманға және
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Ажарлауыш білікшелері үшін қауіпсіздік
нұсқаулықтары
Ажарлауда, егеуқұм кағазымен ысқылауда және
сымды қылшақпен жұмыс істеудегі жалпы қауіпсіздік
нұсқаулықтары
Бұл электр құралын егеуқұм қағазымен
ысқылағыш және сымды қылшақ ретінде
пайдалану қажет. Электр құралымен бірге алған
барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын,
ескертпелерді, суреттермен деректерді сақтаңыз.
Төмендегі нұсқаулықтарды орындамау тоқ соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттарға алып келуі мүмкін.
Бұл электр құралы тегістеу және ажарлағыш
шарықпен ажырату үшін жарамайды. Электр
құралын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті
және жарақаттар тудыруы мүмкін.
Осы электр құралына арналмаған және
өндірушімен ұсынылмаған жабдықтарды
пайдаланбаңыз. Электр құралында берік бекіту
мүмкіндігі бар жабдықтар ғана қауіпсіз пайдалануды
қамтамасыз етеді.
Алмалы-салмалы аспаптың рұқсат етілген
айналымдар саны кемінде электр құралында
белгіленген максималды айналымдар санына
сәйкес болуы керек. Рұқсат етілгеннен жылдам
айналатын жабдық бұзылып, шашылып кетуі мүмкін.
Бұзылған алмалы-салмалы аспапты
пайдаланбаңыз. Әр пайдалану алдын ажарлауыш
төлке және қатпарлы білікше сияқты алмалы-
салмалы аспаптардың сынған және жарылған
жерлерін, артқы ілмек жарықтарын, тозуын немесе
қатты ескіруін, сымды қылшақта босаң немесе
сынған сым барлығын тексеріңіз. Электр құралын
немесе алмалы-салмалы аспапты түсіріп алсаңыз,
оны тексеріңіз, тек зақымдалмаған алмалы-
салмалы аспапты пайдаланыңыз. Алмалы-салмалы
аспапты тексеріп пайдалану кезінде өзіңіздің және
өзге адамдардың айналатын алмалы-салмалы
аспаптан қашық жерде тұрғанында ғана электр
құралын бір минут ішінде максималды айналымдар
санында қосыңыз. Зақымдалған алмалы-салмалы
аспаптар осы тексеру кезінде бұзылады.
Жеке қорғаныс жабдықтарын киіп жүріңіз.
Жұмыста бетті толық қорғайтын масканы, көз
сақтауышын немесе қорғаныш көзілдірікті киіңіз.
Қажет болса шаңтұтқыш, қорғауыш қолғапты,
алжапқышты немесе басқа да қорғаныс киімдерін
киіңіз. Көздер әртүрлі жұмыстардан пайда болып
шашылатын бөтен бөлшектерден қорғануы қажет.
Шаңтұтқыш және газқағар жұмыс кезінде пайда
болатын шаңды сүзгіден өткізеді. Дыбысы қатты
шуылда көп болу есту қабілетіңізді төмендетуі мүмкін.
Басқа адамдардың жұмыс кеңістігінен қашық
тұрғанына көз жеткізіңіз. Жұмыс кеңістігіне кірген
әрбір адам жеке қорғаныш жабдықтарын киюі
қажет. Дайындама немесе бұзылған алмалы-салмалы
аспаптың сынған бөлшектері атылып жұмыс
кеңістігінен тыс жерде да зақым келтіруі мүмкін.
OBJ_BUCH-1834-002.book Page 43 Wednesday, May 29, 2013 4:30 PM
43

Brauchen Sie Hilfe? Stellen Sie Ihre Frage.

Forenregeln

Missbrauch melden von Frage und/oder Antwort

Libble nimmt den Missbrauch seiner Dienste sehr ernst. Wir setzen uns dafür ein, derartige Missbrauchsfälle gemäß den Gesetzen Ihres Heimatlandes zu behandeln. Wenn Sie eine Meldung übermitteln, überprüfen wir Ihre Informationen und ergreifen entsprechende Maßnahmen. Wir melden uns nur dann wieder bei Ihnen, wenn wir weitere Einzelheiten wissen müssen oder weitere Informationen für Sie haben.

Art des Missbrauchs:

Zum Beispiel antisemitische Inhalte, rassistische Inhalte oder Material, das zu einer Gewalttat führen könnte.

Beispielsweise eine Kreditkartennummer, persönliche Identifikationsnummer oder unveröffentlichte Privatadresse. Beachten Sie, dass E-Mail-Adressen und der vollständige Name nicht als private Informationen angesehen werden.

Forenregeln

Um zu sinnvolle Fragen zu kommen halten Sie sich bitte an folgende Spielregeln:

Neu registrieren

Registrieren auf E - Mails für Bosch PRR 250 ES wenn:


Sie erhalten eine E-Mail, um sich für eine oder beide Optionen anzumelden.


Das Handbuch wird per E-Mail gesendet. Überprüfen Sie ihre E-Mail.

Wenn Sie innerhalb von 15 Minuten keine E-Mail mit dem Handbuch erhalten haben, kann es sein, dass Sie eine falsche E-Mail-Adresse eingegeben haben oder dass Ihr ISP eine maximale Größe eingestellt hat, um E-Mails zu erhalten, die kleiner als die Größe des Handbuchs sind.

Ihre Frage wurde zu diesem Forum hinzugefügt

Möchten Sie eine E-Mail erhalten, wenn neue Antworten und Fragen veröffentlicht werden? Geben Sie bitte Ihre Email-Adresse ein.



Info