32
жағдайда ғана осы аспапты
қолдануға рұқсат етіледі. Аспап
жұмысы кезінде балаларды
қадағалаңыз. Балаларға аспаппен
ойнауға рұқсат етпеңіз! Балалар
аспапты үлкендердің
қадағалауымен ғана тазалай және
қызмет көрсете алады!
18. ЕСКЕРТУ! Қосымша қорғау үшін
ванна бөлмесінің электр сымына 30
мА аспайтын номиналды сөндіретін
дифференциалды тоғы бар УЗО
орнату ұсынылады. Кеңес алу үшін
сервис орталығына хабарласыңыз.
19. Аспапты осы нұсқаулықта
көрсетілген мақсатта қолданыңыз.
20. Шу деңгейі: Lc = 79 дб (А).
АСПАП СИПАТТАМАСЫ
1. Концентратор
2. Температура мен жылдамдықты таңдау
3. Аспапты ілуге арналған ілмек
4. Желілік шнур
АСПАПТЫ ҚОЛДАНУ
1. Аспапты қолданар алдында және оның
жұмысы кезінде шашқа арналған лак сияқты
тез тұтанатын заттарды қолданбаңыз.
2. Ауа ағынының жылдамдығы мен
температурасын таңдау үшін ауыстырып
қосқышты жылы әрі әлсіз ағын алу үшін 1
күйіне немесе ыстық әрі күшті ағын алу үшін 2
күйіне орнатыңыз.
3. Жұмыс аяқталған соң аспапты электр
желісінің розеткасынан ажыратып, суу үшін
жылуға төзімді бетке қойыңыз. Аспапты
құрғақ, балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Тазалауды бастамас бұрын аспап электр желісінің
розеткасынан ажыратыңыз және толықтай
суытыңыз! Аспаптың қызмет ету мерзімін ұзарту
үшін ауа жинағыш торын шаң мен ластан әлсін-
әлсін тазалап тұрыңыз. Торды ағытып алу үшін
тордың қақпағын солға бұрап, торды жұмсақ
щеткамен тазалап, орнына орнатыңыз. Қақпағын
бұраңыз, бұл ретте ол сырт еткен дыбыс шығарып
бекітілуі тиіс. Аспапты дымқыл матамен сүртіңіз.
Аспапты суға батырмаңыз және ағын сумен
жумаңыз. Қатты тазалау құралдарын
қолданбаңыз.
ҚОРШАҒАН ОРТА
Қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін аспапты
тұрмыстық қалдықтармен бірге лақтырмаңыз.
Оны одан әрі жою үшін мамандандырылған жерге
жіберіңіз. Осылайша қоршаған ортаны қорғауға
көмектесесіз. Қолдану мерзімі аяқталған аспапты
лақтырар алдында оны одан әрі қолданбайтындай
етіңіз. Бұйымды кәдеге жарату туралы толық
ақпарат алу үшін жергілікті билік органдарына
хабарласыңыз.
Бұл аспап Электрлік және электронды
жабдықтардың қалдықтарын қолдану туралы
2012/19/EU еуропа деректемесіне сәйкес
таңбаланған (Waste Electrical and Electronic
Equipment – WEEE). Осы деректеме ЕО
барлық елдерінде қолданылатын электрлік
және электронды жабдықтардың
қалдықтарын жинау және кәдеге жарату
бойынша талаптарды анықтайды.
КЕПІЛДІК ЖӘНЕ СЕРВИС
Қосымша ақпарат алу үшін немесе қандай да
бір мәселелер туындаған жағдайда
Пайдаланушыларды қорғау орталығына
хабарласыңыз (телефон нөмірлері кепілдік
міндеттемелерінде көрсетілген). Авторлық
құқығы бар сервис орталықтарының
мекенжайлары мен телефон нөмірлері
“Кепілді міндеттемелер” кітапшасында
немесе кепілдік талонында көрсетілген.
GORENJE
АСПАПТЫ АСҚАН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚПЕН
ҚОЛДАНУЫҢЫЗДЫ ТІЛЕЙМІЗ!
Өндіруші өзгерістер енгізуге құқылы!
Импорттаушы: «Горенье БТ» ЖШҚ
119180, Мәскеу, Якиманская жағ., 4-үй, 1-құр..