729215
31
Zoom out
Zoom in
Vorherige Seite
1/40
Nächste Seite
3130
Бұл аспап Электрлік және электронды жабдықтардың қалдықтарын қолдану туралы 2012/19/
EU еуропа деректемесіне сәйкес таңбаланған (WEEE). Осы деректеме ЕО барлық елдерінде
қолданылатын электрлік және электронды жабдықтардың қалдықтарын жинау және кәдеге жарату
бойынша талаптарды анықтайды.
1.
Түтік
2.
Шаң жинауға арналған контейнер
3.
Мотор блогы бар корпус
4.
Желілік шнуры бар адаптер
5.
Қабырғаға бекіту
6.
Қосымша қондырмалары
7.
Электрлік щетка
ЕСКЕРТУЛЕР
Аспапты қолдану кезінде берілген қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларды орындаңыз.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқыңыз және аспапты нұсқаулыққа сәйкес қолданыңыз. // Алғаш
қолданар алдында аспаптың тасымалдау қаптамасын, қорғайтын пленкасын және жапсырмаларын алып
тастаңыз. // Жұмыс жасап тұрған аспапты қараусыз қалдырмаңыз. // Қолданар алдында аспап бөлшектерін
жинаңыз және бекітіңіз. // Аспапты құрғақ жабық ғимараттарда ғана қолданыңыз. // Аспапты өндіруші ұсынған
бөлшектермен ғана қолдануға рұқсат етіледі. // Егер аспап құлаған, зақымдалған, ашық ауада сақталған
немесе суға құлаған болса, оны қолданбаңыз. // Аспапты жүйелі түрде тазалап тұрыңыз. Бұл оның қызмет
ету мерзімін ұзартады. // Шаштың, ұзын киімнің, саусақтың және дененің басқа да мүшелерінің аспаптың
саңылауы мен жылжымалы бөліктеріне тиіп тұрмауын қадағалаңыз. // Аспап радио кедергілердің рұқсат
етілетін деңгейлерін реттейтін электромагнитті өрістер мен нормалар жөніндегі барлық стандарттарға
сәйкес келеді. // Аспап балалардың және физикалық немесе психикалық қабілеттері шектеулі адамдардың
қолдануына арналмаған. Аспапты сегіз жастан асқан балаларға және физикалық, қозғалу және психикалық
қабілеттері шектелген адамдарға, сонымен қатар оны қолдану үшін жеткілікті тәжірибесі мен білімі жоқ
адамдарға тек тәжірибесі бар адамның қадағалауымен немесе егер олар аспапты қолдануға үйретілген
болса және аспапты дұрыс пайдаланбауға байланысты туындауы ықтимал қауіпті түсінген жағдайда ғана
осы аспапты қолдануға рұқсат етіледі. Аспап жұмысы кезінде балаларды қадағалаңыз. Балаларға аспаппен
ойнауға рұқсат етпеңіз. // Балалар сегіз жасқа жеткен және үлкен кісінің қарауында болған жағдайда ғана
аспапты тазалауды және оған қызмет көрсетуді орындай алады. // Қолданып болған соң аспапты сөндіріңіз.
ҚАУІПТІЛІК
Аспапты және зарядтау базасын (немесе адаптерді) суға және басқа да сұйықтыққа батырмаңыз, ағын судың
астында жумаңыз.
МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУЛЕР
Желілік шнуры бар аспапты немесе зарядтау базасын электр желісіне жалғар алдында номиналды
кернеудің электр желісінің кернеуіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. // Аспап және зарядтау базасы (немесе
адаптер - аспабыңыздың моделіне байланысты) бүлінген болса, оларды қолданбаңыз. // Зарядтау базасы
(немесе адаптер) бүлінген жағдайда аспапты қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін тек түпнұсқа
бұйымдарды ғана қолданыңыз. // Адаптерге трансформатор кірістірілген. Адаптерді ағытып алуға және
ауыстыруға тыйым салынады, өйткені бұл қауіпті жағдайға алып келуі мүмкін. // Аккумуляторды аспап
жиынтығына кіретін адаптердің және зарядтау базасының көмегімен ғана зарядтауға болады. Зарядтау
процесінде адаптердің қызуына жол беріледі (егер адаптер жеткізу жиынтығына кіретін болса, моделіне
байланысты). // Зарядтау кезінде аспапты сөндіріп қойыңыз. // Аспапты сүзгілерсіз немесе сүзгілер блогысыз
қолдануға тыйым салынады. // Ауа шығаруға арналған саңылаулардың аспап жұмысы кезінде бітелмеуін
қадағалаңыз. // Шаңсорғыш бөлме ішінде жинау мақсатында үйде қолдануға арналған. // Сору қуатын және
жинау тиімділігін сақтау үшін соратын саңылаулардың тазалығын қадағалаңыз. Тұрбаның саңылауларын
шаңнан, шаштан және ауа ағынын бітеуі мүмкін басқа да ластардан жиі тазалап тұрыңыз. // Тұғырды
немесе зарядтау базасын тазалар алдында оны электр желісінен ажыратыңыз. // Аспапты әлі де суымаған
күлді, жоңқаларды, тұқылдарды, сіріңкелерді, сұйықтықтарды (мысалы, кілемдерге арналған көбік), өткір
заттарды (жарықшақтарды және т.б.) жинау үшін қолдануға тыйым салынады. // Соратын саңылауды өзіңізге
жақындатпаңыз. // Аспапты құрылыс қоқысын (ұсақ құм, ізбес, цемент) және принтерге арналған тонерді
жинау үшін қолданбаңыз, өйткені бұл аспаптың сынуына алып келуі мүмкін. // Шу деңгейі:Lc < 71,4 дБ (A). //
Батареяны оттың немесе 60 ° C жоғары температураның әсеріне ұшыртпаңыз.
SI
- 3 -
HR / BIH
- 5 -
SRB / BIH / MNE
- 7 -
MK
- 9 -
GB
- 11 -
DE / AT
- 13 -
RO
- 15 -
SK
- 17 -
HU
- 19 -
PL
- 21 -
CZ
- 23 -
BG
- 25 -
UA
- 27 -
RU
- 29 -
KZ
- 31 -
FI
- 33 -
DK
- 35 -
NO
- 37 -
SE
- 39 -
31

Brauchen Sie Hilfe? Stellen Sie Ihre Frage.

Forenregeln

Missbrauch melden von Frage und/oder Antwort

Libble nimmt den Missbrauch seiner Dienste sehr ernst. Wir setzen uns dafür ein, derartige Missbrauchsfälle gemäß den Gesetzen Ihres Heimatlandes zu behandeln. Wenn Sie eine Meldung übermitteln, überprüfen wir Ihre Informationen und ergreifen entsprechende Maßnahmen. Wir melden uns nur dann wieder bei Ihnen, wenn wir weitere Einzelheiten wissen müssen oder weitere Informationen für Sie haben.

Art des Missbrauchs:

Zum Beispiel antisemitische Inhalte, rassistische Inhalte oder Material, das zu einer Gewalttat führen könnte.

Beispielsweise eine Kreditkartennummer, persönliche Identifikationsnummer oder unveröffentlichte Privatadresse. Beachten Sie, dass E-Mail-Adressen und der vollständige Name nicht als private Informationen angesehen werden.

Forenregeln

Um zu sinnvolle Fragen zu kommen halten Sie sich bitte an folgende Spielregeln:

Neu registrieren

Registrieren auf E - Mails für Gorenje SVC219FMW wenn:


Sie erhalten eine E-Mail, um sich für eine oder beide Optionen anzumelden.


Das Handbuch wird per E-Mail gesendet. Überprüfen Sie ihre E-Mail.

Wenn Sie innerhalb von 15 Minuten keine E-Mail mit dem Handbuch erhalten haben, kann es sein, dass Sie eine falsche E-Mail-Adresse eingegeben haben oder dass Ihr ISP eine maximale Größe eingestellt hat, um E-Mails zu erhalten, die kleiner als die Größe des Handbuchs sind.

Ihre Frage wurde zu diesem Forum hinzugefügt

Möchten Sie eine E-Mail erhalten, wenn neue Antworten und Fragen veröffentlicht werden? Geben Sie bitte Ihre Email-Adresse ein.



Info