479505
68
Zoom out
Zoom in
Vorherige Seite
1/72
Nächste Seite
68
KZ
Prec Сақтандырулар
мен кеңестер
! Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына
сай өңделіп шығарылған. Төмендегі ескертулер қауіпсіздік
ережелерін ескерту мақсатында берілген және оны мұқият
оқып шығу қажет.
Жалпы қауіпсіздік
Құрылғы үйде қолдануға арналған, оны коммерциялық
немесе өндірістік тұрғыда қолдануға болмайды.
Жабық жер болса да, құрылғыны сыртта қолданбау
қажет. Құрылғыны қорғаусыз жаңбыр мен боранда
қалдыру аса қауіпті.
Құрылғыны қолданған уақытта пештің бүйіріндегі
тұтқаларды пайдаланыңыз.
Құрылғыны жалаң аяқ немесе қол-аяғыңыз ылғал
немесе дымқыл болғанда ұстамаңыз.
Құрылғыны кітапшада берілген нұсқауларға
сай, тек ересек адамдар ғана тағам дайындау
мақсатында пайдалануы тиіс. Құрылғыны
басқа түрде пайдалану (мысалы, бөлмені
жылыту үшін) дұрыс емес әрі қауіпті. Өндіруші
құрылғыны тиісті, дұрыс және саналы түрде
пайдаланбау нәтижесінде пайда болған кез
келген зақымға жауапты болмайды.
Құрылғыны пайдаланған уақытта қыздыру
элементтері және пеш есігінің белгілі бөліктері
қатты қызады. Бұларға тимейтініңізге және
балалардан аулақ ұстайтыныңызға көз жеткізіңіз.
Басқа электр құрылғыларына арналған электр кабелі
пештің ыстық бөліктеріне тимейтінін тексеріңіз.
Желдету және ыстықты салқындатуға арналған ашық
жерлерді ешқашан жаппау керек.
Пеш есігінің тұтқасын әрқашан ортасынан ұстаңыз:
шеттері ыстық болуы мүмкін.
Пешке асханалық ыдысты қоярда немесе оны алған
кезде әрдайым пеш қолғаптарын пайдаланыңыз.
Пеш түбін туралау үшін алюминий фольганы
пайдаланбаңыз.
Пешке жанғыш заттарды қоймаңыз. Егер байқаусызда
құрылғы қосылатын болса, бұл заттың жануы мүмкін.
Құрылғыны қолданбағанда тұтқалар мынадай «»/«»
позициясында тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғыны өшіргенде айырғышты әрдайым желі
розеткасынан алыңыз, кабельден тартып суырмаңыз.
Штепсель айырын электр желісінен ажыратпастан
тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын ешқашан
жасамаңыз.
Егер құрылғы істен шыққан болса, ешбір жағдайда
жөндеу жұмысын өзіңіз жасамаңыз. Тәжірибесіз
адам тарапынан жасалған жөндеу жұмыстарынан
құрылғының істен шығуы немесе жарамсыз болып
қалуы мүмкін. Қызмет көрсету орталығымен
байланысыңыз («Көмек» бөлімін қараңыз).
Ашық пештің есігіне ауыр заттарды қоймаңыз.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Құрылғыны физикалық, сезімталдық және психикалық
қабілеттері төмен адамдар (балалар да кіреді),
тәжірибесіз немесе өнімнен хабары жоқ кез келген
адамның қолданбауы тиіс. Мұндай адамдарға, кем
дегенде, қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін біреулер
жетекші болуы керек немесе құрылғының жұмысына
қатысты кіріспе нұсқаулары берілуі тиіс.
Жою
Орау материалдарын қайта пайдалану мақсатымен
тастаған кезде жергілікті қоршаған орта стандарттарын
қадағалаңыз. Ескі құрылғыны тастағанда қолданылатын
заң ережелерін қадағалаңыз.
Электр және электроникалық құралдардың
қалдықтарына (WEEE) қатысты 2002/96/EC
Еуропа заңнамасына сәйкес үй құрылғылары
қалыпты сортталмаған қалалық қалдық ағымымен
бірге жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен адам
денсаулығына тиетін зиянның алдын ала отырып, ескі
құрылғылар қайта пайдалануды және қайта өңдеуді
оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы керек.
Өнімдегі сызылған «доңғалақты қоқыс жәшік» сізге
құрылғыны тастаған уақытта бөлек жиналуы туралы
есіңізге салады.
Ескі құрылғыларды дұрыс тастау жөнінде ақпарат алу
үшін пайдаланушылар жергілікті өкілдеріне немесе
сатушыларына хабарласулары керек.
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
Құрылғыны таңертең ерте немесе түстен кейін кешірек
пайдалану арқылы электр қуатын қамтамасыз етуші
компаниялардың жүктемесін азайтуға көмектесе
аласыз.
BARBECUE (БАРБЕКЮ) және (GRATIN) ГРАТИН
режимдері пайдаланылғанда пеш есігін әрқашан жауып
қою қажет. Ең жоғары нәтижеге жетіп, электр қуатын
үнемдейсіз (шамамен 10%).
Есік тығыздағыштарын жиі тексеріңіз, олар есікке
тығыз келетіндей етіп, қалдық болмауы үшін тазалап
сүртіп тұрыңыз, осылайша ыстықтың сыртқа шығуын
болдырмайсыз.
Көмек
Байланыс ақпараты:
Құрылғының моделі (Мод.).
Сериялық нөмірі (С/н).
Бұл ақпарат құрылғыда орнатылған деректеме
кестесінде немесе орамадан табылуы мүмкін.
68

Brauchen Sie Hilfe? Stellen Sie Ihre Frage.

Forenregeln

Missbrauch melden von Frage und/oder Antwort

Libble nimmt den Missbrauch seiner Dienste sehr ernst. Wir setzen uns dafür ein, derartige Missbrauchsfälle gemäß den Gesetzen Ihres Heimatlandes zu behandeln. Wenn Sie eine Meldung übermitteln, überprüfen wir Ihre Informationen und ergreifen entsprechende Maßnahmen. Wir melden uns nur dann wieder bei Ihnen, wenn wir weitere Einzelheiten wissen müssen oder weitere Informationen für Sie haben.

Art des Missbrauchs:

Zum Beispiel antisemitische Inhalte, rassistische Inhalte oder Material, das zu einer Gewalttat führen könnte.

Beispielsweise eine Kreditkartennummer, persönliche Identifikationsnummer oder unveröffentlichte Privatadresse. Beachten Sie, dass E-Mail-Adressen und der vollständige Name nicht als private Informationen angesehen werden.

Forenregeln

Um zu sinnvolle Fragen zu kommen halten Sie sich bitte an folgende Spielregeln:

Neu registrieren

Registrieren auf E - Mails für Hotpoint-Ariston F 937 C.1 IX wenn:


Sie erhalten eine E-Mail, um sich für eine oder beide Optionen anzumelden.


Das Handbuch wird per E-Mail gesendet. Überprüfen Sie ihre E-Mail.

Wenn Sie innerhalb von 15 Minuten keine E-Mail mit dem Handbuch erhalten haben, kann es sein, dass Sie eine falsche E-Mail-Adresse eingegeben haben oder dass Ihr ISP eine maximale Größe eingestellt hat, um E-Mails zu erhalten, die kleiner als die Größe des Handbuchs sind.

Ihre Frage wurde zu diesem Forum hinzugefügt

Möchten Sie eine E-Mail erhalten, wenn neue Antworten und Fragen veröffentlicht werden? Geben Sie bitte Ihre Email-Adresse ein.



Info