577366
60
Zoom out
Zoom in
Vorherige Seite
1/64
Nächste Seite
60
KZ
Сақтандырулар мен кеңестер
! Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай
жасақталып, дайындалған. Төмендегі ескертулер қауіпсіздік
ережелерін ескерту мақсатында берілген және оны мұқият
оқып шығу қажет.
Жалпы қауіпсіздік
Бұл нұсқаулар тек нұсқаулық пен құрылғыда
орналасқан сериялық нөмір тілімшесінде таңбалары
көрсетілген елдер үшін жарамды.
Құрылғы үйде қолдануға арналған, оны коммерциялық
немесе өндірістік тұрғыда қолдануға болмайды.
Жабық жер болса да, құрылғыны сыртта қолданбау
қажет. Құрылғыны қорғаусыз жаңбыр мен боранда
қалдыру аса қауіпті.
Құрылғыны жалаң аяқ немесе ылғал не дымқыл
қолмен, аяқпен түртпеңіз.
Құрылғыны кітапшада берілген нұсқауларға сай, тек
ересек адамдар ғана тағам дайындау мақсатында
пайдалануы тиіс. Құрылғыны басқа түрде пайдалану
(мысалы, бөлмені жылыту үшін) дұрыс емес әрі қауіпті.
Өндіруші құрылғыны тиісті, дұрыс және саналы түрде
пайдаланбау нәтижесінде пайда болған кез келген
зақымға жауапты болмайды.
Нұсқау кітапшасы 1-класс (оқшауланған) немесе
2-класс 1-субкласс (2 шкаф арасына орнатылған)
құрылғымен бірге беріледі.
Құрылғыны пайдаланған уақытта қыздыру элементтерін
немесе пеш есігінің белгілі бөліктерін ұстамаңыз, бұл
бөліктер қатты қызады. Құрылғыны балалар қолы
жетпейтін жерге қойыңыз.
Басқа электр құрылғыларының кабельдері пештің
ыстық бөліктеріне тимейтінін тексеріңіз.
Желдету және ыстықты салқындатуға арналған ашық
жерлерді ешқашан жаппау керек.
Пісіру аймақтарында тұрақсыз немесе майысқан
табаларды қолданбаңыз; әйтпесе ондағы сұйықтық
кездейсоқ төгілуі мүмкін. Байқаусыздықтан күйіп қалмау
үшін табалардың тұтқаларын плитаның ортасына қарай
бұрып қойыңыз.
Пешке асханалық ыдысты қоярда немесе оны алған
кезде әрдайым пеш қолғаптарын пайдаланыңыз.
Құрылғыны пайдаланған кезде оның жанында жанғыш
сұйықтықтарды (спирт, бензин, т.б.) қолданбаңыз.
Төменгі сақтау бөлігіне немесе пештің өзіне жанғыш
материалдар салуға болмайды. Егер байқаусызда
құрылғы қосылса, бұл заттардың жануы мүмкін.
Құрылғыны қолданбағанда тұтқалар • позициясында
тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғыны өшіргенде розеткадан әрдайым айырғышты
ұстап тартыңыз, кабельден тартып суырмаңыз.
Құрылғыны электр желісінен ажыратпай ешқашан
тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын жасамаңыз.
Егер құрылғы істен шыққан болса, ешбір жағдайда
жөндеу жұмысын өзіңіз жасамаңыз. Тәжірибесіз
адам тарапынан жасалған жөндеу жұмыстарынан
құрылғының істен шығуы немесе жарамсыз болып
қалуы мүмкін. Көмек көрсету бөліміне хабарласыңыз.
Ашық пештің есігіне ауыр заттарды қоймаңыз.
Бөліктің (бар болса) ішкі беттері қызып кетуі мүмкін.
Шыны керамикалық плита соққыларға шыдамды, бірақ
ол қатты істік затпен ұрғанда жарылып (тіпті сынып)
кетуі мүмкін. Егер мұндай жағдай болса, құрылғыны
дереу электр тоғынан суырып қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Плита беті шатынаған болса, тоқ соғудың алдын алу
үшін құрылғыны өшіріңіз.
Пісіру аймақтары сөндірілгеннен кейін кемінде отыз минут
салыстырмалы түрде ыстық болатынын есте сақтаңыз.
Еритін заттарды плитадан алыс ұстаңыз, мысалы
пластмасса, алюминий немесе құрамында көп
қанты бар өнімдер. Пластикалық үлдірді, алюминий
фольгасын немесе қаптамаларды қолданғанда аса
мұқият болыңыз: егер оларды әлі ыстық беттерге
қойсаңыз, олар плитаны қатты зақымдауы мүмкін.
Металл заттарды (пышақтар, қасықтар, таба
қақпақтары, т.б.) конфоркаға қоймаңыз, себебі олар
қызып кетуі мүмкін.
Құрылғыны физикалық, сезімталдық және психикалық
қабілеттері төмен адамдар (балалар да кіреді),
тәжірибесіз немесе өнімнен хабары жоқ кез келген
адамның қолданбауы тиіс. Мұндай адамдарға, кем
дегенде, қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін біреулер
жетекші болуы керек немесе құрылғының жұмысына
қатысты кіріспе нұсқаулары берілуі тиіс.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Пеш табанға орналастырылатын болса, одан
сырғып кетпейтіндей сақтық шараларын қолға
алыңыз.
Қоқысқа тастау
Орау материалдарын тастаған кезде: ораманың қайта
пайдаланылуы мүмкін болатындай жергілікті заңды
қадағалаңыз.
Электр және электроникалық құралдардың
қалдықтарына (WEEE) қатысты 2002/96/EC Еуропа
заңнамасына сәйкес үй құрылғылары қалыпты қатты
қалалық қалдық айналымын пайдаланып жойылмауы
тиіс. Қоршаған орта мен халық денсаулығына тиетін
зиянның алдын ала отырып, жарамсыз құрылғылар
қайта пайдалану мен машина ішіндегі материалдарды
өңдеу құнын оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы
керек. Барлық өнімдердегі сызылған қоқыс жәшігі өнім
иесінің бөлектелген қоқыс жинауға қатысты міндетін
еске салады.
Жарамсыз үй құрылғыларын дұрыс жоюға қатысты
қосымша ақпарат алу үшін өнім иелері халыққа
қызмет көрсету орталығына немесе олардың жергілікті
өкілдеріне хабарласа алады.
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
ЖОҒАРҒЫ ПЕШ, ГРИЛЬ және ГРАТИН режимдері
пайдаланылғанда пеш есігін әрқашан жауып қою қажет.
Бұл энергияны сақтай отырып (шамамен 10%), жақсы
нәтижеге жеткізеді.
60

Brauchen Sie Hilfe? Stellen Sie Ihre Frage.

Forenregeln

Missbrauch melden von Frage und/oder Antwort

Libble nimmt den Missbrauch seiner Dienste sehr ernst. Wir setzen uns dafür ein, derartige Missbrauchsfälle gemäß den Gesetzen Ihres Heimatlandes zu behandeln. Wenn Sie eine Meldung übermitteln, überprüfen wir Ihre Informationen und ergreifen entsprechende Maßnahmen. Wir melden uns nur dann wieder bei Ihnen, wenn wir weitere Einzelheiten wissen müssen oder weitere Informationen für Sie haben.

Art des Missbrauchs:

Zum Beispiel antisemitische Inhalte, rassistische Inhalte oder Material, das zu einer Gewalttat führen könnte.

Beispielsweise eine Kreditkartennummer, persönliche Identifikationsnummer oder unveröffentlichte Privatadresse. Beachten Sie, dass E-Mail-Adressen und der vollständige Name nicht als private Informationen angesehen werden.

Forenregeln

Um zu sinnvolle Fragen zu kommen halten Sie sich bitte an folgende Spielregeln:

Neu registrieren

Registrieren auf E - Mails für Indesit I6VMH2A.1 wenn:


Sie erhalten eine E-Mail, um sich für eine oder beide Optionen anzumelden.


Das Handbuch wird per E-Mail gesendet. Überprüfen Sie ihre E-Mail.

Wenn Sie innerhalb von 15 Minuten keine E-Mail mit dem Handbuch erhalten haben, kann es sein, dass Sie eine falsche E-Mail-Adresse eingegeben haben oder dass Ihr ISP eine maximale Größe eingestellt hat, um E-Mails zu erhalten, die kleiner als die Größe des Handbuchs sind.

Ihre Frage wurde zu diesem Forum hinzugefügt

Möchten Sie eine E-Mail erhalten, wenn neue Antworten und Fragen veröffentlicht werden? Geben Sie bitte Ihre Email-Adresse ein.



Info