803812
111
Zoom out
Zoom in
Vorherige Seite
1/124
Nächste Seite
Қазақша 111
Қауіпсіздік техникасы бойынша
нұсқаулар Сорғы
Бұйымды алғаш рет қолдану алдында осы
қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауларды жəне
түпнұсқа пайдалану бойынша нұсқаулықты оқып
шығыңыз. Оларға сай əрекет етіңіз. Кітаптардың
екеуін де кейін пайдалану немесе кейінгі
пайдаланушылар үшін сақтап қойыңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулықтағы
нұсқаулармен қоса, заңмен белгіленген жалпы
қауіпсіздік жəне қауіпсіздік техникасы бойынша
ережелерге назар аударуыңыз қажет.
●Құрылғыдағы нұсқаулары мен ескертулері бар
тақтайша қауіпсіз пайдалануға арналған
маңызды нұсқауларды береді.
Қауіп деңгейлері
ҚАУІП
Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып
соғатын тікелей қауіп бойынша нұсқау.
ЕСКЕРТУ
Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып
соғуы мүмкін қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жеңіл жарақаттануға апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Материалдық зиянға апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
Техникалық қауіпсіздік бойынша жалпы
нұсқаулар
ҚАУІП
Тұншығу қаупі! Қаптама пленканы балалардан
алыс ұстау қажет.
ЕСКЕРТУ
Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері
шектеулі немесе тəжірибесі мен білімі
жеткіліксіз адамдар бақылау астында немесе
бұйымды қауіпсіз қолдану туралы нұсқау алғанда
жəне оған қатысты тəуекелдерді түсінген
жағдайда ғана бұл оны қолдана алады.
Балаларды бұйыммен ойнамайтындай етіп
қадағалап тұрыңыз.
8 жастан үлкен балалар олардың қауіпсіздігі үшін
жауапты тұлғаның тарапынан бұйымды
пайдалануға машықтанған немесе қадағаланған
жəне бұйымды пайдаланудан туындайтын
қауіптерді түсінген жағдайда ғана бұйымды
пайдалана алады.
Балалар тазалау жəне техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын тек біреудің бақылауында
орындай алады.
Ток соғу қаупі
ҚАУІП ● Электр штепсельдік
қосылымдарды тек су басудан қорғалған жерде
орналастырыңыз. ● Бассейнде немесе бақша
тоғанында адамдар болған кезде, сорғыны
пайдалануға тыйым салынады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ ● Құрылғыны жаңбыр
кезінде немесе ылғалды ауа райында ұзақ уақыт
пайдаланбаңыз. ● Құрылғыны тұрақты жəне су
басудан қорғалған жерде орнатыңыз.
Пайдалану
ҚАУІП ● Жарылыс қаупі
Ешқандай күйдіргіш, тез тұтанатын немесе
жарылғыш сұйықтықтарды, мысалы, мұнай,
бензин, қышқылдар немесе нитро еріткішті
айдамаңыз.
Құрылғыны өрт немесе жарылыс қаупі бар
ортада пайдаланбаңыз
АБАЙЛАҢЫЗ ● Құрылғы түсіп кеткен
кезде зақымдану жəне жарақат алу қаупі бар.
Құрылғымен əрбір жұмыс істеген кезде оның
тұрақтылығын қамтамасыз ету керек. ● Бұл
құрылғы арқылы айдалған су ауыз су болып
табылмайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ ● Майларды, сұйық
майларды жəне тұзды суды айдамаңыз.
● Дəретханалардан ағын суларды жəне мөлдір
судан аққыштығы төмен болатын лайланған суды
айдамаңыз. ● 35°C шамасынан жоғары
температураға ие суды айдамаңыз.
Күтім жəне техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ ● Күтім жəне техникалық
қызмет көрсету бойынша кез келген əрекеттерді
орындау алдында құрылғыны өшіріңіз жəне
аккумуляторды шығарыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ ● Жөндеу жұмыстарын,
қосалқы бөлшектерді орнатуды, электрлік
бөлшектермен жұмысты тек уəкілетті
тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы
орындауы тиіс.
Тасымалдау
АБАЙЛАҢЫЗ ● Құрылғы түсіп кеткен
кезде зақымдану жəне жарақат алу қаупі бар.
Құрылғымен əрбір жұмыс істеген кезде оның
тұрақтылығын қамтамасыз ету керек. ● Жарақат
пен төтенше жағдайлар қаупі. Тасымалдау жəне
сақтау кезінде құрылғының салмағын есепке
алыңыз, Пайдалану нұсқаулығындағы Техникалық
сипаттар бөлімін қараңыз.
Қорғаныс құрал-жабдықтары
АБАЙЛАҢЫЗ
Жоқ немесе өзгертілген қорғаныс құрал-
жабдықтары
Қорғаныс құрылғысы сіздің қауіпсіздігіңізге
арналған.
Қорғаныс құрылғысын ешқашан өзгертпеңіз
немесе ажыратпаңыз.
Мақсатына сəйкес қолдану
Бұл құрылғы жеке пайдалануға арналған жəне оны
коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым
салынады. Өндіруші дұрыс пайдаланбау немесе
дұрыс жұмыс жасамау салдарынан болған зақым
үшін жауапкершілік көтермейді.
Құрылғы көбінесе арнайы жинау контейнерлерінен
жаңбыр суын шығаруға арналған.
Қайта айдауға рұқсат берілген сұйықтықтар
●Ластану дəрежесі 0,5 мм бөлік көлеміне дейін
болатын су.
Бассейндегі су (қоспалардың мақсатқа сəйкес
мөлшерленуі алғышарт болып табылады).
●Жуғыш ерітінді.
111

Brauchen Sie Hilfe? Stellen Sie Ihre Frage.

Forenregeln

Missbrauch melden von Frage und/oder Antwort

Libble nimmt den Missbrauch seiner Dienste sehr ernst. Wir setzen uns dafür ein, derartige Missbrauchsfälle gemäß den Gesetzen Ihres Heimatlandes zu behandeln. Wenn Sie eine Meldung übermitteln, überprüfen wir Ihre Informationen und ergreifen entsprechende Maßnahmen. Wir melden uns nur dann wieder bei Ihnen, wenn wir weitere Einzelheiten wissen müssen oder weitere Informationen für Sie haben.

Art des Missbrauchs:

Zum Beispiel antisemitische Inhalte, rassistische Inhalte oder Material, das zu einer Gewalttat führen könnte.

Beispielsweise eine Kreditkartennummer, persönliche Identifikationsnummer oder unveröffentlichte Privatadresse. Beachten Sie, dass E-Mail-Adressen und der vollständige Name nicht als private Informationen angesehen werden.

Forenregeln

Um zu sinnvolle Fragen zu kommen halten Sie sich bitte an folgende Spielregeln:

Neu registrieren

Registrieren auf E - Mails für Karcher BP 2.000-18 Barrel wenn:


Sie erhalten eine E-Mail, um sich für eine oder beide Optionen anzumelden.


Das Handbuch wird per E-Mail gesendet. Überprüfen Sie ihre E-Mail.

Wenn Sie innerhalb von 15 Minuten keine E-Mail mit dem Handbuch erhalten haben, kann es sein, dass Sie eine falsche E-Mail-Adresse eingegeben haben oder dass Ihr ISP eine maximale Größe eingestellt hat, um E-Mails zu erhalten, die kleiner als die Größe des Handbuchs sind.

Ihre Frage wurde zu diesem Forum hinzugefügt

Möchten Sie eine E-Mail erhalten, wenn neue Antworten und Fragen veröffentlicht werden? Geben Sie bitte Ihre Email-Adresse ein.



Info