50
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ПАЙДАЛАНУ
• Төсем сақинасын (c2) сулаңыз және оны
қозғалтқыш блогіне (c1) тиесілі түрде
орнатыңыз: егер сақинада үш қатпар
көрінсе, онда сақина дұрыс орнатылған.
Егер ол басқаша орнатылса, құмырада
пышақтың блогін бұғаттау мүмкін
болмайды. (1 сур.)
• Құмыраның (c3) түбіне жиналған
құрылымды (c1+c2) орнатыңыз. Пышақ
блогін сағат тіліне қарама қарсы бағытта
бір ширек айналымға бұрау арқылы
бұғаттаңыз. (2 сур.)
• Құрам бөлшектерді қоса ұсынылған
құмыраға ең үлкен рұқсат етілген
деңгейден асырмай салыңыз:
* қою қоспалар үшін 1,25 л
* сұйықтықтар үшін 1 л
• Қақпақты (c4) құмырада бекітіңіз.
Мөлшерлегіш қалпақшаны (c5) қақпақтағы
ойыққа орнатыңыз.
• Блендердің жиналған құмырасын (C)
қозғалтқыш блогіне (A) орналастырыңыз.
Қызыл түсті құлыптың (ашық) бейнесі
қозғалтқыш блогіндегі ойықтың
орналасуымен үйлесуі керек. (3 сур. — 1
жағдай).
• Енді блендер құмырасын (C) бір ширек
айналымға жасыл түсті құлыптың (жабық)
бейнесі пайда болғанша бұраңыз. (3
сур. — 2 жағдай).
• Құмыраны екі жағдайда орналастыруға
болады: қозғалтқыш блогінен сабы сол
жақта немесе оң жақта.
• Блендерді қатарынан 3 минуттан артық
қолданбаңыз.
• Көкке арналған ұсақтағыштың (D)
көмегімен пияз, сарымсақ, ет (алдын ала
бөлшектеп туралған) және кептірілен
жемістер сияқты өнімдерді бірнеше секунд
ішінде ұсақтауға, кепкен нан дайындауға
болады.
• Көкке арналған ұсақтағышты сұйық
қоспаларды (жеміс шырындарын және т.б.)
дайындау барысында қолданбаңыз.
• Дәмдеуіштерге арналған ұнтақтағыштың
көмегімен кориандрдың дәндерін,
бұрыштың бұршақтарын және т.б. бірнеше
секунд ішінде ұнтақтауға болады.
• Осы керек-жарақтар сыйымдылықпен (F)
жабдықталған, сондықтан қолдану
барысында пышақтарға қол тигізуі мүмкін
емес.
1. Сыйымдылықты (F) аударыңыз және
құрам бөлшектерді төгіңіз.
2. Төсем сақинасын (d1) немесе (e1) пышақ
блогіндегі (d2 немесе e2) сәйкес ойыққа
орналастырыңыз. (Рис. 4). Құмырадағы
және пышақ блогіндегі сәйкес
таңбаларды үйлестіру арқылы пышақ
блогін қойыңыз. Пышақ блогін сағат
тіліне қарама-қарсы бағытта бір ширек
айналымға бұрау арқылы бұғаттаңыз. (5
сур.).
Абай болыңыз! Егер сыйымдылық дұрыс
бекітілмесе, ішіндегілері ағып кетуі
мүмкін.
3. Жиналған құрылымды (D немесе E)
бұраңыз және оны қозғалтқыш блогіне
орналастырыңыз. Қызыл түсті құлыптың
(ашық) бейнесі қозғалтқыш блогіндегі
ойықтың орналасуымен үйлесуі керек. (6
сур. — 1 жағдай).
4. Енді жиналған құрылымды (D немесе E)
бір ширек айналымға жасыл түсті
құлыптың (жабық) бейнесі пайда
болғанша бұраңыз. (6 сур. — 2 жағдай).
5. Құрылғыны электр желісіне жалғаңыз
және жылдамдықты ауыстырып-
қосқышты (B) сәйкес жағдайға қойыңыз
немесе бірнеше соққы жасаңыз. Құрылғы
жұмыс істеп тұрған кезде сыйымдылықты
(F) ұстап тұрыңыз.
Құрылғының жұмысын тоқтату үшін
жылдамдықты ауыстырып-қосқышты (B) "0"
жағдайына ауыстырыңыз.
6. Сыйымдылықты қызыл түсті құлыптың
(ашық) бейнесі пайда болғанша сағат
тіліне қарама қарсы бағытта бір ширек
айналымға бұрау арқылы бұғаттан
шығарыңыз. Жиналған құрылымды (D, E)
қозғалтқыш блогінен алыңыз.
Пышақ блогін (d2, e2) сыйымдылықтан (F)
алу үшін оны жұмыс бетінде бұраңыз –
бөлшектеуді кері тәртіпте жүргізіңіз.